Secret sauce that brings YouTube followers, views, likes
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

БАУЫРДЫ МЫНА СУСЫН ТАЗАЛАЙДЫ. БАУЫР АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ...

Follow
DERTKE DAUA

Баршаларыңызға Ассалаумағалейкүм! Бұл видеода бауырды тазарту және емдеу жолдары жайлы ақпарат аласыз! Видеоны соңына дейін көріңіз! Сіз естіп білмеген ақпараттар бар.

Бауыр – ағзадағы тазалаушы құрал. Әсіресе, тамырымызда ағатын қанды тазалайды. Бірақ біздің жағымсыз әрекеттеріміз, салауатты өмір салтын сақтамағанымыз, көп көлемде дәрі қабылдағанымыз бауырға зиянын тигізеді. Салдарынан бауыр улы затқа толып, жұмысы нашарлайды. Ол үшін не істейміз? Осы орайда, бауырды дәрісіз қалай тазалаймыз? деген сұрақтың тууы заңды. Оған жауап ретінде мына әдістерді ұсынамыз:

Адамның бауыры – өзінөзі тазартатын жалғыз ағза. Ол 30ға жуық биохимиялық функцияларды орындайды. Десе де, адамның күшімен тазалауды қажет ететін кездер болады. Ол кезде емханаға немесе шипажайға баруға тура келеді. Оған уақыт тапшы болса, кейде қаржы мүмкіндік бермейді. Осындайда бірнеше маңызды ережелерді сақтай отырып, үйде бауырыңызға көмектесе аласыз. Бауыр неге шлакқа толады? Бауырдың ең қауіпті жауы – алкогольді ішімдік. Оның құрамындағы этил спирті ақуыздардың синтезіне, көмірсулардың өзгеруіне және эндогендік компоненттердің жойылуына жауап беретін дене жасушаларын бұзады. Осыған байланысты бауырда созылмалы қабыну пайда болады. Кей жағдайда токсикалық улану мен дәрідәрмектің әсерінен де бауыр ауырады. Дұрыс емес тамақтану да әсер етеді. Сіз шамадан артық тамақтансаңыз, майлы және тәтті тағамдарды жесеңіз, қарныңызды фастфудпен тойдырсаңыз онда бауырға салмақ түседі. Одан бөлек, метаболикалық бұзылулар, семіздік және вирустық аурулар да бауырға зиян екенін ескеріңіз. Отырықшы өмір салты да бауырдың жұмысын бұзатынын біле жүріңіз.

Кімге бауырды тазалауға болмайды? Холецистит, панкреатит және гепатит кезінде бауырды тазалауға тыйым салынады. Оған қоса, жүкті және емізулі әйелдерге жасауға болмайды. Дәрігерлер қызба және жүйке аурулары, қант диабеті, жұқпалы және вирустық аурулары бар адамдарға да бауырды тазалауға рұқсат етпейді. Ендеше, ауруды асқындырып алудан сақ болыңыз!

Өз ДЕНСАУЛЫҒЫН жақсы күтетін, өз өмірін ЖАҚСЫ жаққа қарай өзгерткісі келетін АДАМ болғыңыз келсе, АРНАға тіркеліңіз!
Өміріңізге ПАЙДАЛЫ видеоны басқа АДАМДАР да көрсін десеңіз, біздің еңбегімізді бағалап, ЛАЙК басып жақындарыңызға таратсаңыз, біз қуанышты болар едік!
КӨП РАХМЕТ!

Muzic: https://www.bensound.com/

#денсаулық #бауыр #ем #қазақша

posted by chrisp78kh