Grow your YouTube views, likes and subscribers for free
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

БҮКІЛ ЖАМАН НӘРСЕДЕН ҚОРҒАНУҒА ЖЕТКІЛІКТІ БОЛҒАН ДҰҒА ! ТАҢ ЖӘНЕ КЕШКІ ЗІКІРЛЕР ! ЖЫНДАРДАН ҚОРҒАН

Follow
ТеоLOGично

Скидка до 20% на товары в Technodom


Переходи по ссылке по ссылке https://technodom1.prfl.me/teo_logic/... на СЕКРЕТНУЮ распродажу, вводи промокод NYSALE190 и получай ДОПОЛНИТЕЛЬНО скидку в 20%!!Доставка от 10 000 тенге бесплатно!

Промокод не работает при покупке в кредит или рассрочку. Оплата: только банковской картой на сайте или в приложении, без самовывоза.

Успей купить нужную технику с оооочень приятной скидкой!

Реклама.





Ұмытшақтық, уақыттың тапшылығы немесе жалқаулық себептерінен таңғы және кешкі зікірлерді ұмыт қалдырып, салғырттық танытпа. Шын мәнінде, бұл зікірлер – адамдарды жамандықтан сақтайды әрі оның маңыздылығын Алла Тағаланың Құранда бірнеше жерде бұйыруынанақ аңғаруға болады.

ТАҢҒЫ ЖӘНЕ КЕШКІ ЗІКІРЛЕР
АЛЛАДАН ПАНА ТІЛЕУШІЛЕР ҮШІН!

«Аятул Курсиді» оқу («Бақара» сүресі, 255аят).Парыз намаздан кейін «Аятул Күрсіні» оқыған адам келесі намазға дейін Алланың қорғауында болады және оның Жәннатқа кіруіне өлім ғана кедергі болады.
«Аятул Курсиді» таңертең оқыған адам кешке дейін жыншайтаннан қорғаулы болатындығы, кешке оқыған адамның таңға дейін жыншайтаннан қорғаулы болатындығы айтылады.
Табараниден жеткен хадис

«Ықылас», «Фаләқ», «Нәс» сүрелерін үш реттен оқу керек.

Әбу Хабис (оған Алла разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жеткізеді: «Уа, Әбу Хабис! Мен саған Алладан қорған іздеген адамның айтатын ең жақсы сөзін хабарлайын ба?». Ол: «Иә, Алла Елшісі!. Ол: «Айт: «Таңның Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін...» («Фалақ» сүресі, 1аят) және «Айт: «Адамдардың Раббысына (Иесіне) сиынып, қорғауын тілеймін» («Нас» сүресі, 1аят) – осы екі сүре Алладан пана тілеушілерге» деді». (Нәсаи).

БҮКІЛ ЖАМАН НӘРСЕДЕН ҚОРҒАНУҒА ЖЕТКІЛІКТІ БОЛҒАН ДҰҒА!
Аудармасы: «Біз таң атырдық, әрі осы таңда бүкіл үстемдік Аллаға тән Барлық мақтаумадақтар Аллаға лайық, Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі мақтаумадақ Оған лайық, Оның күшқұдіреті барлық нәрсеге толық жетеді.Я, Раббым! Мен Сенен осы күнгі және одан кейінгі жақсылықты сұраймын, әрі осы күнгі және одан кейінгі жамандықтан сақтауыңды тілеймін.Я, Раббым! Мен жалқаулықтан әрі қаусап қартаюдан Өзіңе сиынамын. Я, Раббым! Мен Тозақ азабынан және қабір азабынан Өзіңе сиынамын!
«Кім осы дұғаны таңертең оқыса – сол кешке дейін жындардан қорғалған болады, ал кім оны кешке оқыса – сол азанға дейін жындардан қорғалған болады». (Хаким)

«Оларды таңертең және кешке үш реттен оқитын адам үшін бұл бүкіл (жаман) нәрседен (қорғануға) жеткілікті болады». (Әбу Дауд)

Кешірім сұрау дұғаларының төресін, кім оқып жан тапсырса жаннаттық!

Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ‘абдукә, уә әнә ‘алә ‘аһдикә уә уә’дикә мәстәтағту, ә’узу бикә мин шәрри мә санә’ту әбуу ләкә бини’мәтикә ‘әләййа уә әбуу бизанби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфируззунубә иллә Әнта!»

Аудармасы: «Я, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күшқұдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ!» (Бұхари).



«Кім (осы сөздерді) күндіз қайтақайта айтатын болса әрі (өзінің айтып жатқан сөздеріне) кәміл сенсе, және сол күні кеш батқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады, ал кім (өзінің айтқан сөздеріне) кәміл сенген күйде (осы сөздерді) түнде айтатын болса, әрі таң атқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады» (Бұхари).

posted by kolankosr