Learn how to get Free YouTube subscribers, views and likes
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Басында неге проблемма көп? біліп ал Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Follow
iman nur_kz

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!

Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға күндердің төресі қасиетті жұма мүбәрак болсын!

Асыл дініміз мұсылмандарды әрбір істе тиянақты, ұқыпты болуға және әрбір ізгі істі ең көркем түрде орындауға шақырады.Алла Тағала қасиетті Құранның «Мүлік» сүресі, 2аятында:

الَّذِي خَلَقَ الْمَوْتَ وَالْحَيَاةَ لِيَبْلُوَكُمْ أَيُّكُمْ أَحْسَنُ عَمَلً

«Ол сондай (Алла) сендердің қайсыларың ең көркем түрде жақсы іс жасайтындарыңды сынау үшін өлім мен өмірді жаратты», – деп айтқан.

«Тиянақтылық» ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «әлитқану» деп аталған. Мұсылманның бұл сипаты оның көркем мінезі мен әдебінің кемелдігін көрсетеді. Тиянақтылық кісінің өзге адамдар алдындағы қадірқасиетін арттырып қана қоймай, Жаратушыға да ең ұнамды іс. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ إِذَا عَمِلَ أَحَدُكُمْ عَمَلا أَنْ يُتْقِنَهُ

«Расында Алла сендердің бір жұмыс істегенде оны толыққанды орындағанды жақсы көреді», – деген (имам Табарани).

Тиянақтылықты ғалымдарымыз екіге бөліп қарастырған. Олар:

Дүниелік істерге қатысты тиянақтылық;
Діни істердегі тиянақтылық.
Дүнияуи істердегі тиянақтылық адам баласы өзіне тапсырылған міндетті ең кемел түрде атқаруы, талапқа сай орындауымен өлшенеді.

Ал діни істердегі тиянақтылық Алла Тағала бұйырған істерді ең кемел әрі көркем түрде орындаумен жүзеге асырылады. Бүгінгі жұма уағызымызда құлшылықтағы тиянақтылықтың кейбір көріністеріне тоқталатын боламыз:

Бірінші: құлшылықты ихсан дәрежесінде (мақамында) орындау

«Ихсан» сөзінің тілдік мағынасы «жақсылық», «игілік» деген ұғымды білдірсе, шариғаттағы мағынасы бір істі қолға алғанда оны «ең әдемі, ең кемел түрде жасау» дегенді білдіреді. Алла Тағала қасиетті Құранда:

إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُ بِالْعَدْلِ وَالإحْسَانِ وَإِيتَاءِ ذِي الْقُرْبَى وَيَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنْكَرِ وَالْبَغْيِ يَعِظُكُمْ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُون

«Негізінде Алла әділдікті, игілікті (ихсанды) және ағайынға қарайласуды бұйырады. Сондайақ арсыздықтан, жамандықтан және зорлықзомбылықтан тыяды. Түсінерсіңдер деп сендерге (осылайша) насихат береді», – деп айтқан («Нахл» сүресі, 90аят).

Жәбірейіл періште ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған ихсан жөнінде хабар бер», – деген кезде Алла Елшісі:

أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ، فَإِنَّهُ يَرَاكَ

«Алланы көріп тұрғаныңдай Оған кұлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де, Ол сені күмәнсыз көруде», – деген.

Бұрынғы өткен ізгі адамдар құлшылықтарын ең кемел дәрежеде, көркем түрде орындауға тырысқан. Мысалы, Әли ибн Хусайн (Алла оған разы болсын) дәрет алғанда жүздері сапсары болып өзгеріп кететін болған. Сонда: «Сізге не болды?» – деп сұрағандарға: «Кімнің алдында тұрғалы жатқанымызды білесіңдер ме?» – дейді екен.

posted by irygacjaxp