Get free YouTube views, likes and subscribers
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Қадір түні Құлшылығы пайда бермейтін 4 түрлі адам Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Follow
iman nur_kz

Құран Кәрімге түсініктеме жазған мәшһүр ғалым Ибн Кәсир «Қадір» сөзінің төмендегідей үш мағынасы бар екенін айтып өтеді:

«Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. Осыған байланысты қадір түні дегенде Алланың тағдырды үкім ететін түні екендігін білуге болады. Бұл жердегі тағдыр ұғымы, әуелгі тағдырдың паш етілуі болатын. Өйткені Құран Кәрімде:

فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ

«Ол кеште барлық хикметті істер айырылады»,[1] деп бұйырылған.
Қатада: «Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады», – деді («Тафсир әтТабари» 25/65).

«Қадір» сөзі «абырой, бедел» мағынасын береді. Яғни, қадір түні – ұлық және аса қадірлі түн дегенді білдіреді. Мұндай жоғары дәрежеге лайық болуының себебі, бұл түннің салмағы мың айдан да қайырлы. Бұл хақында Құранда:

لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْرٍ

«Қадір түні мың айдан да қайырлы»,[2] деп баяндалады.
«Қадір» сөзі «сығылысу» мағынасын береді. Осыған байланысты зерттеуші ғалымдар қадір сөзі тарылу мағынасын да білдіреді деген жорамалдар жасаған. Өйткені бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскеннен соң, жердің тарлығынан сығылысады. Бұл жайлы Құранда:

تَنَزَّلُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ فِيهَا بِإِذْنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمْرٍ

«Періштелер және Жәбірәйіл (ғ.с.) осы түні Раббыларыңның рұқсатымен барлық іс үшін түседі»,[3] деп баяндалады.
Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, «сығылысудағы» мақсат «үлкен қайырлы істердің жүзеге асуы және Пайғамбарымызға (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) Хира үңгірінде Жәбірәйіл (ғ.с.) алғашқы уахи түсіргенде, ардақты Пайғамбарымыздың (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) жаны сығылғандығы белгілі. Негізінде, Қадір сөзі осы үш мағынаны да қамтиды.


«Қадір» сүресінің тәпсірі

Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінің рухани салмағы орасан зор екені көпшілікке аян. Әйтседе, қалың бұқара қасиетті кешті ерекше ілтипат көрсетіп, ұлықтағанымен, Қадір түнінің тарихы мен мәнмағынасына терең үңіле бермейді. Алла Тағаланың кәләмі Құран Кәрімде қасиетті кеш хақында «Қадір» сүресінің бар екені белгілі. Ендеше, танымтүйсігімізді арттыру мақсатында осы сүренің түсіндірмесіне бір шолу жасайық.

إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ

«Расында, Біз Құранды Қадір түні түсірдік».
Біз осы мұғжиза Құранды қадірі мен беделі үстем бір түнде түсірдік. Құранда осы қасиетті кітаптың рамазан айында түскендігі жайлы былай делінген:

شَهْرُ رَمَضَانَ الَّذِيَ أُنزِلَ فِيهِ الْقُرْآنُ هُدًى لِّلنَّاسِ وَبَيِّنَاتٍ مِّنَ الْهُدَى وَالْفُرْقَانِ

«Рамазан – адамдарға тура жол нұс­қаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай».
Ал Құранның Рамазан айының ішіндегі Қадір түнінде түскендігі жайында «Қадір» сүресінің бірінші аятында былай делінген:

إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةِ الْقَدْرِ

«Шынымен де Біз Құранды Қадір түні түсірдік».
Ибн `Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Тағала Қадір түні Құранды толығымен және бірден «сақтаулы тақтадан» (ләухулмахфуз) «бәйтулиззаға» (Ұлылық үйі) деп аталатын көктің астыңғы қабатындағы орынға түсірді. Ол жұлдыздар бататын жерде орналасқан еді. Ал бұдан кейін Алла Құранды Өзінің Пайғамбарына(Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын)Жәбірәйіл (ғ.с.) періште арқылы бөлекбөлек (түрлі жағдайларға байланысты) жиырма үш жыл бойы түсірді» («Тафсир әтТабари» 2/144, «әлМустадрак» әлХаким 2/530 және «Тафсир Ибн Касир» 4/685. Хабардың сенімділігін имам әлХаким, хафиз Ибн Хаджар растаған). Сонымен қатар Құранның Қадір түнінде түсірілуі, дәл сол түнде түсіріле бастады деген мағынаны да береді. Өйткені, уахи алғаш рет Қадір түнінде түскен.

Басқа бір аятта Алла Тағала бұл жөнінде былай деді:

وَالْكِتَابِ الْمُبِينِ ٢ إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مُّبَارَكَةٍ ۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ ٣ فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ ٤ أَمْرًا مِّنْ عِندِنَا ۚ إِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ ٥

«Айқын Кітаппен ант! Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында, Біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айрылады. Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз»[4].

posted by irygacjaxp