Get free YouTube views, likes and subscribers
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Өл бізде жоқ / Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Follow
iman nur_kz

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,
Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
Бір қалыпта тұра алмасымызды күнделікті айналамыз әртүрлі қисындармен, мысалдармен паш етуде. Өміріңіздің бір бөлігі болған жылдар, айлар, күндер, сағаттар жылжып өтіп жатыр. Сен танитын адамдардың да қарасы күннен күнге сейіліп, кеше сұхбаттас, дәмдес болған бауырларың қазір қасыңнан табылмауда. Біз сол өзгерістерге, өмір деген сахнаны тамашалауға келген көрермендер іспеттіміз. Айналадағы болып жатқан құбылыстардың бізге түк қатысы жоқ секілді…
Әр адам ерте ме, кеш пе түбінде өліммен бетпебет келеді. Мейлі сіз әлемді басқарыңыз, жайпаңыз, шайқаңыз, ешкімнің қолы жетпейтін жерге сарайлар салып паналаңыз, бәрібір күндердің бір күнінде өлім періштесі жетіп, жаныңызды алары ақиқат.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Қай жерде болсаңдар да, тіпті ең биік қамалдардың ішінде болсаңдар да (немесе көктегі жұлдыздарды паналасаңдар да), өлім сендерге жетеді»,[1] – деген. Басқа бір аятта: «Әр жан иесі өлімнің дәмін татушы»,[2] – дейді.

Адам әр нәрсені түгесілер шақта түсінеді. Жарқыраған күннің қадірін түнде, денсаулықтың қадірін ауырғанда, жастық шақтың қадірін қартайғанда, байлықтың қадірін кедей болғанда түсінген секілді өмірдің қадірін өлім таяр кезде бірақ түсінеміз.

posted by irygacjaxp