Free YouTube views likes and subscribers? Easily!
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Құлшылықтың ең абзалы қайсы? Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Follow
iman nur_kz

Рамазан жақсы істе жарысатын ай болса, ондағы жақсы істердің бірі және бірегейі – садақа беру. Онсыз да сауабы мол ғибадат Рамазан айында одан сайын сауапты бола түседі. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең абзал садақа – Рамазан айында берген садақа», – деп айтқан (Термизи). Сондықтан Рамазан айында жан басына белгіленген пітір садақасынан бөлек ораза ұстаған жандар шамашарқына қарай нәпіл садақаларды көбірек берген жақсы.

Ілгеріде өткен ізгі мұсылмандар Рамазанның қуаты мен шуағына шомылып, оразадан кейінгі алты айда Алланың нығметіне деген қуаныштан айыға алмайтын, ендігі алты айы қалғанда: «Раббым, бізді Рамазанмен қауыштыра көр», – деп асыға күтетін болған. Себебі бұл айда жасалар құлшылықтар, ғибадаттар мен ізгі амалдардың сауабы мың айға татырлық қасиетті қадір түні бар. Сансыз сауаптардың есігі айқара ашылып, шайтандар шынжырланып байланатын мүбәрак айдың күндерін алаңсыз, түндерін қаперсіз өткізуден сақ болайық, қадірлі мұсылман қауым!

posted by irygacjaxp