Free YouTube views likes and subscribers? Easily!
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Төсек тартып қалсаң / Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Follow
iman nur_kz

ОРАЗА КІМДЕРГЕ ПАРЫЗ?
Оразаның парыз болуының шарттары мыналар:
1) Мұсылман болу;
2) Ақылесі дұрыс болу;
3) Балиғатқа жеткен болу.
Балиғат жасына жеткен ақылесі дұрыс әрбір мұсылман ерәйелге Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Бұл Алла Тағаланың әмірі. Жас балаларға ораза ұстау парыз емес. Бірақ зиян келтірмейтіндей түрде балаларды біртебірте оразаға үйреткен абзал.
Әйелдер етеккір кезінде және нифастағы (босанған) әйел осы күндері біткенше ораза ұстамайды, намаз оқымайды. Бұл жағдайлар біткеннен кейін ұстай алмаған оразаның қарызын ұстайды. Яғни, қанша күн ұстамаса, сонша күн қазасын ұстайды. Бірақ намаздардың қазасын оқымайды.
СӘРЕСІ МЕН АУЫЗАШАРДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Сәресіге тұрып, тамақ жеу – мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Сәресінде тамақ жеңдер, өйткені сәресі тамағында береке бар” деген.4 Сәресі ораза ұстауға күш береді. Дұғалар қабыл болатын уақыттардың бірі – сәресі уақыты. Сәресіге тұрған адам тілектерін айтып, дұға етіп, Алла Тағаладан күнәларының кешірілуін сұрауы керек.

Оразасын ұстап, ауызашар уақытына жеткен адам үлкен бақытқа және қуанышқа кенеледі. Қиямет күні ұстаған оразасының сыйын алу үшін Алланың алдына барған кезде одан да үлкен қуанышқа қол жеткізеді.

Осыған байланысты пайғамбарымыз (с.а.у.): “Ораза ұстаған адам үшін екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан кез, екіншісі – Аллаға қауышқан кез” дейді.[4] Бұған қоса, пайғамбарымыз (с.а.у.) ауызашар уақытындағы дұғалардың кері қайтарылмайтынын, Алла тарапынан қабыл болатынын айтқан.

Ауызашар дұғасы:

Ауызашар уақытында мына дұғаны оқу сүннет:

“Аллаһуммә ләкә сүмтү уә бикә әмәнту уә аләйкә тәуәккәлтү уә ала ризқикә әфтартү уә саумәлғади мин шәһри рамазанә нәуәйту фағфирли мә қаддамту уә мә аххәрту”.

Мағынасы: “Уа, Алла! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым. Өзіңе сеніп, тәуекел еттім, берген рызығыңмен оразамды аштым. Рамазан айының ертеңгі оразасына да ниет еттім. Енді менің өткен және келешектегі күнәларымды кеше гөр!”

posted by irygacjaxp