Grow your YouTube channel like a PRO with a free tool
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Тәңіршілдың Тәңірі кім? Ұстаз Нұралы Бақытұлы

Follow
iman nur_kz

Тәңіршілдік нанымсенімі тек түркі халықтардың, соның ішінде қазақ халқының төл діні емес. Бұл – ежелгі барлық қауымдардың ортақ нанымы. Мұндай сенімдер барлық құрлықтарда, әсіресе, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Солтүстік Азия және Аустралиядағы бейсауат қауымдарда көне замандардан белгілі болған.

Л.Н. Гумилев ежелгі қытайлықтарда түрік ұғымындағымен бірдей көк тәңір нанымы болғанын растайды. Көне Қытай, Мысыр, Рим, Месопотамия елдерінде көк тәңір туралы нанымдардың болғандығын, аталмыш елдердің патшаларының атағы көбіне «Көктің ұлы», «Күннің ұлы», «Аспанның перзенті» боп аталғандығын «Древние тюрки» атты еңбегінде дәлелдейді. Ғалымдар көк тәңірі туралы нанымды тәңірлер және тәңірсымақтар туралы культтерден бұрын болған ең тұрпайы наным деп бағалайды және мұндай тұрпайы сенім ең шалғай құрлықтарда да болғандығы ғылыми ақиқат.

Әлбетте, «Тәңірі сенімі», «Көк тәңірі» немесе «Тәңірлік дүниетаным» бұл – бар, қалыптасқан мәдени құндылық. Біз бұны жоққа шығара алмаймыз және мәдени құндылық ретінде құрметпен қарауымыз керек.

Ал, біздегі кейбір азаматтарымыз тарих қойнауына кеткен тәңіршілдікті қайта тірілтпек. Ұмытылып бара жатқан салтдәстүрді жаңғырту мүмкін болмағанда, «дінім – ислам, құдайым – Алла, пайғамбарым – Мұхаммед, қасиетті кітабым – Құран» деген халықтың ұмытылған нанымын қайтпек. Әлде, Құдайды да жекешелендіргілері келіп жүр ме?..

Түркі халықтарының ешбірі «Біздің ұлттық дініміз, атабаба дініміз тәңіршілдік» деп ұрандап жатқан жоқ. Тәңіршілдік барша түркілердің ортақ нанымы екендігін ескерсек, расында да ақиқат дін болса, өзге бауырлас түркілер неге жаңғыртуға тырыспайды. Себебі ол күлкілі әрі надандық. Атышулы Рим империясы пұтқа табынған, парсылар отқа табынған.

Тәңіршілдікті қайта жаңғыртумен қазақ даласында онсыз да жағымсыз кейіптегі бақсыбалгерлердің санын көбейткісі келе ма, әлде, отты айналып, жауырынға қарап бал ашатын шамандықты аңсай ма? Тәңіршілдер дамыған ел, рухы биік азамат болуды қаламаса, тұқымы құруға аз қалған ханты, манси, чукчалар секілді ділі мен тілін ұмытуды көксей ме? Тәңіршілдік – бұл дін емес. Тәңіршілдік – тек нанымсенім. Нанымсенімді дінмен шатастырмайық. Бабаларымыз ғасырлар бойы ислам дінін ұстанып келді. Қала берсе, әлемге әйгілі көптеген ғалымдарды шығарды. Отырар, Түркістан секілді руханиятқа бай қалаларымызды, ӘлФараби, Ахмет Яассауи, Иүгінеки, Хусамиддин Сығанақи, Хибатулла әтТарази, Абай, Шәкәрім, Ыбырай, т.б. қазақ даласынан, ұлтынан шыққан ғұлама, ірі тұлғаларды қай ұрпаққа аманат етпек.

posted by irygacjaxp