YouTube magic that brings views, likes and suibscribers
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Назарбаевтың тұсында қазақ рухы мен иманынан айырыла жаздады – Мұхтар Мағауинмен ЭКСКЛЮЗИВ сұқбат

Follow
ХАЛЫҚ ҮНІ

Арнамызға жазылып, қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз    / @halyquni  

«Халық Үнін» бірге жеткізейік!
_________________________
Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің Қазақстаннан жырақ шет елдерде тұрып келе жатқанына 17 жылдан асты. Жуырда отбасымен АҚШтан Түркияға қоныс аударған қаламгер қазір Анталия маңындағы Кемер қаласында тұрып жатыр. Бүгінде 83 жастан асқан қазақтың абыз ақсақалы қазақ баспасөзіне кең көлемде алғаш рет эксклюзив (видео) сұқбат беріп отыр.

Осыған дейін оқырманға 4 томдық «Шыңғыс хан» романын ұсынған жазушы қазір мыңжылдық қазақ тарихынан сыр шертетін «Алтын Орда» романын баспаға даярлап жатыр.

Сұқбатта Шыңғыс хан мен Алтын Орданың жаңаша тарихы, қазақ қоғамының бүгінгі жайкүйі, қазақ әдебиетінің кемшін тұстары мен келешегі туралы айтылды. Сонымен қатар жазушылық жолдағы сан түрлі кедергілер мен Назарбаев дәуірінің озбырлығы, Тұрар Рысқұловтың халыққа жасаған қиянаты туралы әңгіме өрбіді.

Мұхтар Мағауин Қазақстаннан неге кетті? Жазушы елге орала ма? Оның шығармашылықтағы қанаттас досы – Әбіш Кекілбаев өмірінің соңғы жылдарында неге ішқұса болды? Сұқбатта осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап берілді.

Ел алдына шығып, жиі сұқбат бермейтінін айтқан қаламгер: «Мен теледидарға шыға бермеймін. Өйткені сөйлеген сөзің тексеріске түсіп, қысқарып жатады. Ал жазудың жөні бөлек», деп түсіндірді.

Әдебиет тарихын зерттеуші көрнекті ғалым «Қобыз сарыны», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Поэты Казахстана» атты еңбектердің авторы.

Тайм код:
00:00 Анонс
00:01:24 Түркия. Мағауиннің үйінде
00:03:45 Сұқбат беруге неге келісім берді
00:05:10 Түркияға көшіп келу себебі
00:07:27 Америка – әлемнің тұтқасы
00:08:30 «Алтын Орда» романы 2024 жылы жарыққа шығады
00:09:24 Алтын Орда тарихын кімдер зерттеді
00:12:00 Мағауин зерттеген «Алтын Орданың» жаңалығы неде?
00:14:00 Түрік Қағанатын моңғолдар жаулап алды ма?
00:15:33 Тарихи әділдік: Алтын Орда тарихы қалай жазылды
00:07:30 «Жармақ» мінсіз шығарма
00:18:10 «Шыңғыс хан» романын академиялық орта бағалай алды ма
00:19:57 Шыңғыс ханның Ұлы жоспары
00:20:40 Қытай экспансиясын ең алғаш арабтар тоқтатты
00:22:00 Шыңғыс ханның Түркі империясын құру мақсаты
00:22:40 Батыс әміршісі – Хорезм мен Шығыс әміршісі – Шыңғыс хан байланысы
00:23:51 Хорезм шах Жетісуға неге қызықты
00:25:06 Отырардағы ойранның шындығы
00:28:10 Хорезм шахтың 60 мың әскері Жошыдан қалай жеңілді
00:29:55 Жанынан түңілген Хорезм: «Тілегенің соғыс болса, күтіп ал»
00:32:41 «Шыңғыс ханда» жүздеген повестің сюжеті тағдыры бар
00:33:08 Совет тарихының ықпалы: Шыңғыс хан басқыншы емес
00:40:40 Елшіні өлтіру – ең үлкен қылмыс
00:42:10 Аудармаға көп уақыт кетеді
00:43:20 Бүкіл өмірім күреспен өтті
00:44:10 Іштей 23 жыл өмір сұрадым
00:44:06 Көкмұнар – эксперименттік роман
00:48:27 Совет адамы – homo sapiensтің өзгеше бір түрі
00:49:17 Абай жолын 8 жасымда оқыдым
00:54:00 Назарбаев туралы алғашқы роман
01:00:00 Жас қазақ жазушыларының арасынан әлемдік классиктер шығады
01:04:15 Біз естелік жаза алмаймыз
01:08:00 Әуезовтан соң, Абай туралы роман жазу – мазақ
01:11:00 Әуезовке өкпелеген кезім болды
01:18:00 Қазақта жазылмаған тақырып көп
1:24:19 Шаханов пен Исабеков дауы
1:26:30 Ермұрат Бәпи мен Серік Әбікенге қайран қалдым
1:28:00 Отарлық үкіметтің қойған адамы Назарбаев туралы
1:31:24 Шерхан Мұртаза жер сатуға қол қойды
1:34:00 Ашаршылықты бастаған – Тұрар Рысқұлов
1:36:10 Төрт жарым млн донос жазылған
1:39:37 Қазаққа демографиялық, генетикалық апат жасалды
1:40:01 Абай және орыс тілі туралы
1:52:54 Бетжүзін көргің келмейтін адамдар болады
1:44:21 Ендігі жоспарлары қандай?
1:45:01 Шұбартау көтерілісі: 32 солдатты суға батырып өлтірген
1:48:37 «Жаңаөзенде» зиялы қауым атылған халықты кінәлады
1:51:00 Қаңтар қырғынында неге үндемеді
1:52:55 Әбіштің қызметке баруы – үлкен қате болды
1:56:25 «Қандас» емес «оралман» дұрыс
1:57:24 Қазақ діннен арылуы керек
02:02:32 Жыраулар мұрасын түгендеуге бар қажырқайратым кетті
02:07:17 Міржақып қалай ақталды және «Міржақып. Оян, қазақ» фильмі туралы
02:09:54 Жазушының жары қандай болу керек?
02:11:19 Қаламгердің жастарға өсиеті
02:13:58 Мағауиннің көңлі неге босады
02:15:50 Мағауин елге қайта ма
02:17:41 Halyq Uni редакциясына алғыс

Журналист: Ая Өміртай

#МұхтарМағауин #Назарбаев #ШыңғысХан #МұхтарШаханов #АяӨміртай
_________________________
Бізбен байланыс:
Сайт https://halyquni.kz/
Instagram –   / halyquni.media  
Telegram – https://t.me/halyquni
TikTok –   / halyquni  

Біздің жобалар. Сілтемені басып көріңіз ⬇

   • Ozgeshe podcast  

   • AQ Soile  сұхбат  

   • Ащы шындық  

   • Жанайқай  

posted by rneody