Secret sauce that brings YouTube followers, views, likes
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Намаз оқудың 10 пайдасы / Марфуға ШАПИЯН

Follow
Марфуға ШАПИЯН

Жаратушы Иеміз о бастанақ барша құлшылықты ұлы даналықтармен міндеттеген. Адамдарға қиындық келтіріп, еркіндіктерін шектеу Алланың хикметіне мүлде жат нәрсе. Құлшылықтың адам үшін пайдасы кейде көзге анық көрініп тұрса, кейде жасырын тұратыны белгілі. Пенденің жанын тазалау, жақсылыққа бойын дағдыландыру, кемшілігі мен күнәсі үшін кешірім алу, нәпсіқұмарлықтың құлдығынан азат ету, адами кемелдікке жеткізіп, Иесіне жақындату – құлшылықтардың негізгі даналығы дер едік. Сол секілді, намаз да екі дүние жақсылығының бәрін бойына қамтыған, қысқа ғана жеңіл амал.

«Намаз жеке адам баласына түсетін салық та емес, төлейтін айыппұл да емес. Ол Иесі саған сақтауға, аманатқа қойған, күніне бес рет келіп көріп тұратын асыл да қымбат зат секілді. Қиянат қылмасаң саған шыншыл, аманатшыл, адал, сенімді деген асыл қасиеттердің қожайыны ретінде қарап, еңбегіңді бағалап, ақысын еселеп қайтарады». Асыл тастай қымбат құлшылықты аялап, қадіріне жету үшін оның бойындағы игіліктер мен құндылықтарды жақсы білуіміз керекақ. Төменде намаздың 16 пайдасы топтастырылды.

Намазға ниет етіп, дәрет алған адамның күнәлары төгіледі. «Алланың иманды құлы, дәрет алып бетін жуған кезде, оның бетінен судың соңғы тамшысымен көзімен көрген күнәлары түседі, ал қолын жуған кезде, сумен бірге, оның қолымен ұстаған күнәлары түседі, ал аяғын жуған кезде, сумен бірге оның аяғымен барған күнәлары түседі, осылай барлық күнәларынан арылғанша жалғасады», «Күнделікті орындалған бес уақыт намаз, әрбір жұма намазына қатысу, Рамазан сайын ұсталған ораза, осы аралықта, үлкен күнәдан басқа жасалған кіші күнәлардың бәрінің кешірілуіне себеп болады» делінген хадисте (Муслим).

Бірде Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Қалай ойлайсыңдар, егер де сендердің біреулеріңнің есіктеріңнің алдында өзен ағып жатса және оған күн сайын бес уақыт жуынатын болсаңдар, бойларыңда қандайда бір кір қала ма?» Адамдар: «Жоқ, Алла Елшісі! Ешбір кір қалмаушы еді» деді. Сонда ол: «Бұл Алла Тағала күнәларды жуатын бес уақыт намаздың мысалы секілді» деген екен. (Бұхари, Муслим). Осылайша Алла Тағала намаз бен намаздың арасында кеткен қателіктерді кешіріп отырады.

Алла Тағала Құранда: «Әй мүминдер! Сабыр және намазбен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла сабыр етушілермен бірге» деу арқылы қажетін сұрағысы келген адам мен Раббысы алдындағы негізгі көпірдің намаз екендігін айқын көрсетті. («Бақара» сүресі, 153 аят).

Намаз – діннің тірегі, имандылардың жарық нұры және құлдың өз Иесімен байланысу, жүгіну жолы. Егер адам намаз талаптарын толық ұстанып, Раббысының алдында жантәнімен бойсұна және өзінің Иесі алдында тұрғанын сезініп, сөздері мен қимыләрекетін саналы түрде орындап, шын беріле жалбарынатын болса, онда оның намазы оған діннің барлық қалған міндеттерін, үкімдерін орындауға міндетті түрде көмектеседі. Өйткені, намаз бұзық және жазғырылатын ісәрекеттерден тосады. Ал, намаз үстіндегі Аллаға берілу (Раббысының алдында Өзінің ештеңе еместігін әрі Оның ұлылығын сезіне) берілу адам жүрегінде Раббысының бұйырғандарын орындап әрі Оның тыйымдарын бұзбауға үндейтін бір ерекше сипатты пайда етеді. Мұсылмандарға міне, осындай намаз арқылы жәрдем тілеу бұйырылған.

МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:

*facebook:   / marfugashapian  
*vk:
*instagram:   / marfugasha.  .
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashapian.islam.kz/kk/#gs...

Хат жіберу үшін пошта: [email protected]

posted by lel1neki