YouTube magic that brings views, likes and suibscribers
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

'Жібек сезім' Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған әні.

Follow
Астана қ. К. Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейі

"Жібек сезім" Қалқаман Сариннің сөзіне жазылған әні.
Әнді орындайтын Нысанова Макира, 59 мектеплицейінің мұғалімі.

2019 жылғы 12 ақпан күні Астана қаласы №59 мектеплицей пилоттық «Өзінөзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағыты «ӨМІРІН ӨНЕРІМЕН ӨРНЕКТЕГЕН» тақырып аясында ісшарасы өтті.
Аталмыш ісшараға өнерлі тұлғалардың өмір жолдарын оқушыларымызға үлгі тұту мақсатында іске асырылды. Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылық негізінде білім ошағы мен отбасындағы ізгілікті нығайту үшін үнемі рухани қарымқатынаста болу және өнерлі тұлғалармен пікір алмасу, шебер атааналарымыздың шеберсабақтарын көріп үлгі тұту. Ісшара бір уақытта бес дәрісханада ақын,актер және дизайнермодельер, қуыршақ шебер, аспазшы, биотехнология дәрігер маманы мен мектебіміздің бастауыш,орта, жоғары сынып оқушыларымен өткізілді. Білім ошағымызға қонаққа келген өмірін өнерімен өрнектей білген тұлғалар Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Шалқар» радиосының директоры Қалқаман Сарин Айымғазыұлы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері Қыстықбаев Қуандық Қапсалаңұлымен әдеби кеш өткізілді.

posted by Walimiowieg