15 Free YouTube subscribers for your channel
Get Free YouTube Subscribers, Views and Likes

Дарет кетпейді сол адамға / Жарқын Мырзатай ᴴᴰ

Follow
iman nur_kz

Дәрет – намаздың дұрыс болуы үшін шарт. Алла Тағала: «Ей,мүміндер!Сендер намаз оқымақшы болсаңдар, жүздеріңді жуыңдар, қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар, бастарыңа мәсіх тартыңдар және аяқтарыңды тобыққа дейін жуыңдар», деді (Мәидә. 6).

Ол сыртқыкөріністердегіағзаларды тазарту.Намаз уақыты кірген кезде дайындалу. Алла Тағалаға мінәжат ету үшін әзірлену. Оның нәтижесі: ағзаларды күнәләрдан тазартып,жаман ғафілет пен харамдардан арылтып,Жаратқанның сүйіспеншілігіне бөлеп, жүректі тазартады.

Ғалымдардың бірі айтты: «Расында,сен біл, егер дәрет алсаң, Раббыңды зиярат еткен боласың және оған тәубе етесің.Раббымыз суды кінәләрді кетіруші етіп жасады. Егер сен ауызына су алсаң, ауызыңа алған сумен тіліңді өтіріктен,ғайбат айтудан және өсек айтудан тазалайсың. Аллаһ Тағала сенің тіліңді зікір ету үшін және Құран оқу үшін жаратқан. Егер сен мұрныңа су алсаң,алған сумен ауызыңды харамды иіскеуден тазалайсың. Егер жүзіңді жусаң,үш нәрсеге қараудан тазаланасың: 1.Харамға қараудан; 2.Мұсылманға құрмет көзбен қарауға; 3.Біреудін айыбын көруден.

Егер екі қолыңды жусаң,мұсылманға залал келтіруден және харам болған мүлікті пайдаланудан тыйыласың. Егер басына мәсіх тартсаң,сен біл,басқа мәсіх тарту Аллаһтың істеріне бойсұну болып есептеледі. Егер екі аяғыңды жусаң,күнәға және харамға барудан тыйыласың.Осы жоғарыда айтқандардың барлығы дұрыс дәрет алу болып есептеледі».

Бұл Расулулланың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтқан дұрыс дәреті: «Кімдекім жақсылап дәрет алса, оның тырнақтарынан күнәлары сумен бірге ағып біткенше дейін денесінен күнәлары түсіп отыратын болады» (Әбу Нағим).

posted by irygacjaxp